№5 Студенттер үйінде «Заң мен тәртіп» қағидаттарын насихаттауға және студенттердің құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған кездесу өтті. — ҚазҰУ

№5 Студенттер үйінде «Заң мен тәртіп» қағидаттарын насихаттауға және студенттердің құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған кездесу өтті.

14 қыркүйек 2026
№5 Студенттер үйінде «Заң мен тәртіп» қағидаттарын насихаттауға және студенттердің құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған кездесу өтті.

2026 жылғы 14 қыркүйекте Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Студенттер қалашығы мамандарының ұйымдастыруымен №5 Студенттер үйінде «Жастар және заң» тақырыбында студенттермен кездесу өтті.

Кездесудің басты мақсаты – студенттер арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, жауапкершілік сезімін арттыру және этикалық нормаларды сақтаудың маңыздылығын түсіндіру болды. Жиын барысында студенттік өмірдегі тәртіп ережелері, заң талаптарын сақтау, сондай-ақ күнделікті қарым-қатынастағы әдептілік пен өзара құрмет мәселелері кеңінен талқыланды.

Іс-шараға Студенттер қалашығының бас маманы Б.К. Дихан және Журналистика факультетінің әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі декан орынбасары Ержан Жұмабекұлы қатысты.

Кездесу барысында қатысушылар студенттермен еркін форматта пікір алмасты. Б.К. Дихан өз сөзінде студенттердің тек білім алып қана қоймай, қоғамның белсенді әрі жауапты мүшесі ретінде қалыптасуы қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар заң талаптарын сақтау мен академиялық адалдық қағидаттарын ұстанудың маңыздылығына ерекше тоқталды.

Кездесу барысында студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ашық диалог орнады. Мұндай кездесулер жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға және олардың тұлғалық дамуына оң ықпал етеді.