Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «8D02304 – Әдебиеттану» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Оралбек Алмастың «Әбдіғали Сариевтің әдеби мұрасы: шығармашылығы, ақындық ортасы, текстологиясы (қолжазба негізінде)» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.
Диссертация М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтынында орындалды.
Қорғау формасы – диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі – қазақ тілі.
Ресми рецензенттер:
1. Джакыпбекова Мамиля Тургамбаевна – филология ғылымдарының кандидаты, профессор м.а., Іляс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті (Талдықорған қ., Қазақстан).
2. Найманбаев Алмас Әбдіманапұлы – PhD, доцент м.а., Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Алматы қ., Қазақстан).
Ғылыми жетекшілер:
1. Әуесбаева Пакизат Теңізбаевна – филология ғылымдарының кандидаты, доцент, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты (Алматы қ., Қазақстан).
2. Мехмет Ача – доктор, профессор, Мармара университеті (Стамбул қ., Түркие).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
1. Ибраева Айзат Дүйсенқызы – филология ғылымдарының кандидаты, доцент м.а., Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Алматы қ., Қазақстан).
2. Жумабаева Жанара Толендиевна – филология ғылымдарының кандидаты, А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты (Алматы қ., Қазақстан).
3. Метин Екижи – доктор, профессор, Еге университеті (Еге қ., Түркие).
Қорғау 2026 жылдың 16 қазанында сағат 11:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «6D011800, 8D01704 – Орыс тілі мен әдебиеті», «8D01701 – Қазақ тілі мен әдебиеті», «6D020500 – Филология», «8D02308 – Орыс филологиясы», «6D021400, 8D02304 – Әдебиеттану», «8D02307 – Қазақ филологиясы» мамандықтар тобы/ білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесінде аралас форматта өтеді.
Zoom конференциясына қосылу:
Идентификатор: 998 2579 4359
Басқа жаңалықтар