Искакова Зауреш Сабырбековна — ҚазҰУ
Искакова Зауреш Сабырбековна

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «8D02202 – Философия» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Искакова Зауреш Сабырбековнаның «Ғылыми таным мәнмәтініндегі аударманың философиялық мәселелері» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия кафедрасында орындалды.

Қорғау формасы – диссертациялық жұмыс.

Қорғау тілі – қазақ тілі.

Ресми рецензенттер:

  1. Кулсариева Актолкын Турлукановна – философия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университетінің  Ғылыми жұмыс және стратегиялық бастамалар жөніндегі проректоры. Мамандығы: 24.00.01 – Мәдениет теориясы мен тарихы (Алматы қ., Қазақстан);
  1. Божбанбаев Бауыржан Муратбекович – философия ғылымдарының кандидаты, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер  академиясының Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар кафедрасының доценті. Мамандығы: 24.00.01 – Мәдениет теориясы мен тарихы (Алматы қ., Қазақстан).

Ғылыми кеңесшілер:

  1. Құранбек Әсет Абайұлы – философия ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қауымдастырылған профессоры (доцент) (Алматы қ., Қазақстан);
  2. Наджие Йылдыз – филология ғылымдарының докторы, Гази университетінің профессоры (Анкара қ., Түркия).

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

  1. Затов Кайрат Айтбекович – философия ғылымдарының докторы, «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің дінтану кафедрасының профессоры (Алматы қ., Қазақстан);
  2. Барлыбаева Гаухар Гинаядовна – философия ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор, ҚР ҒЖБМ Философия, саясаттану және дінтану институтының бас ғылыми қызметкері (Алматы қ., Қазақстан);
  3. Оспанов Тауекель Тлеубекович – философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор, Қазақ-неміс университетінің қауымдастырылған профессоры (Алматы қ., Қазақстан).

Қорғау 2026 жылдың 11 желтоқсанында сағат 15:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D020600, 8D02203 – Дінтану», «6D021500, 8D02204 – Исламтану», «6D020400, 8D03102 – Мәдениеттану», «6D020100, 8D02202 – Философия», «8D02201 – Саяси философия» мамандықтар тобы / білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесте аралас (онлайн/офлайн) форматта өтеді.

Zoom конференциясына қосылу:

https://zoom.us/j/91639112365?pwd=RYwVICNb1IVkLLcojaK8eNTWYGWeh2.1 

Идентификатор: 916 3911 2365

Жергілікті этикалық комиссия қорытындысы