Сабирбаева Феруза Эргалиевна
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «6D021300 – Лингвистика» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Сабирбаева Феруза Эргалиевнаның «Етістіктердің семантикалық вариативтенуі (қазақ және ағылшын тілдері материалдары негізінде)» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.
Диссертация Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология факультетінің түркітану және тіл теориясы кафедрасында орындалған.
Қорғау формасы – диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі – қазақ.
Ресми рецензенттер:
1. Қалыбаева Қаламқас Сейдоллақызы – филология ғылымдарының докторы, профессор, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Алматы қ., Қазақстан).
2. Әлиакбарова Айгерім Тілесбекқызы – PhD, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (Алматы қ., Қазақстан).
Ғылыми кеңесшілер:
1. Бектемирова Сауле Бекмухамедовна – филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы қ., Қазақстан).
2. Кайхан Инан – PhD, профессор, Амасия университеті (Амасия қ., Түркия).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
1. Қапалбек Бижомарт Сейсенбекұлы – филология ғылымдарының кандидаты, Мемлекеттік тілді дамыту институтының атқарушы директоры (Алматы қ., Қазақстан).
2. Кульгильдинова Тулебике Алимжановна – педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті (Алматы қ., Қазақстан,).
3. Сүхейла Демиркол Орак – PhD, қауымдастырылған профессор, Фырат университеті (Элязығ қ., Түркия).
Қорғау 2026 жылғы 10 желтоқсанда сағат 10:00-де Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы «6D021300, 8D02303 – Лингвистика; 6D021000, 8D02306 – Шетел филологиясы; 8D01705 – Шетел тілі: екі шетел тілі; 6D020700, 8D02302 – Аударма ісі; 8D02208 – Түркітану» мамандықтар тобы / білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесте аралас форматта өтеді.
Zoom конференциясына қосылу:
https://zoom.us/j/91403666939?pwd=rALwJ2NbralDya0YBf8zAmMe4H7fFO.1
Идентификатор: 914 0366 6939
Басқа жаңалықтар