- Басты бет
- Жаңалықтар
- Хух-Хото қаласында «Елдің солтүстікке жол ашуындағы маңызды плацдарм» сараптамалық орталықтар форумы өтті
Хух-Хото қаласында «Елдің солтүстікке жол ашуындағы маңызды плацдарм» сараптамалық орталықтар форумы өтті
2026 жылғы 18 қыркүйекте Қытай Халық Республикасының Ішкі Моңғолия Автономиялық Районының әкімшілік орталығы Хух-Хото қаласында «2026 жылғы Елдің солтүстікке жол ашуындағы маңызды плацдарм» тақырыбында сараптамалық орталықтар форумы өтті. Халықаралық форумды Ішкі Моңғолия Автономиялық Районының Халық Үкіметі ұйымдастырып, Ішкі Моңғолия Автономиялық Районының Сыртқы істер басқармасы мен Ішкі Моңғолия Әлеуметтік ғылымдар академиясы қолдау көрсетті.
Форум жұмысына Қазақстан, Ресей, Моңғолия, Беларусь, Өзбекстан және басқа да елдерден, сондай-ақ Қытай Әлеуметтік ғылымдар академиясынан, Қытайдың өзге де провинциялары мен автономиялық аудандарының әлеуметтік ғылымдар академияларынан, жоғары оқу орындары мен сараптамалық орталықтардан 100-ден астам жетекші, сарапшы және ғалым қатысты. Халықаралық сараптамалық алаңға әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультеті Қытайтану кафедрасының меңгерушісі Фарида Оразақынқызы қатысып, Қытай мен Орталық Азия арасындағы өңірлік ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылауға атсалысты.
Форум барысында Қытайдың солтүстік бағыттағы ашықтық саясатын ілгерілету, өңірлік экономикалық ынтымақтастықты дамыту, трансшекаралық байланыстарды нығайту, сондай-ақ Қытай-Моңғолия-Ресей экономикалық дәлізін дамыту перспективалары бойынша пікір алмасылды. Іс-шараның маңызды бағыттарының бірі – Қытайдың (Ішкі Моңғолия) еркін сауда сынақ аймағын құру және оны солтүстік бағыттағы халықаралық экономикалық ынтымақтастықтың маңызды тірек нүктесіне айналдыру мәселелері болды. Форумға қатысушылар осы бағыттар бойынша сараптамалық пікірлерімен бөлісіп, ғылыми зерттеулер мен практикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға қатысты ұсыныстарын білдірді.
Форумның өтуі Қытайдың солтүстік бағыттағы ашықтық деңгейін арттыру, халықаралық және өңірлік ынтымақтастықты тереңдету, сондай-ақ «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясындағы өзара іс-қимылды кеңейту мәселелері бойынша сарапшылар арасындағы диалогты нығайтуға мүмкіндік берді. Іс-шара соңында қатысушылар сараптамалық және ғылыми байланыстарды одан әрі нығайтуға, өзара пікір алмасуды жалғастыруға және Қытай мен көршілес мемлекеттер арасындағы экономикалық, ғылыми және мәдени ынтымақтастықты дамытуға дайын екендіктерін білдірді.

Басқа жаңалықтар