- Басты бет
- Жаңалықтар
- Қытайтану кафедрасының бірінші курс студенттері «BALMUZDAQ PARTY» шарасына қатысты
Қытайтану кафедрасының бірінші курс студенттері «BALMUZDAQ PARTY» шарасына қатысты
21 қыркүйек 2026
2026 жылдың 20 қыркүйегінде Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Шығыстану факультеті «Қытайтану» кафедрасының студенттері «BALMUZDAQ PARTY» жаңа студенттерді қарсы алу іс-шарасына қатысты. Іс-шараны эдвайзерлер Шарыпказы Нұртәліп, Дүйсенбай Құлпынай және Тұрдан Олжас ұйымдастыруға атсалысты.
Іс-шара барысында бірінші курс студенттерінің бір-бірімен танысуына, топтасуына және университет өміріне тез бейімделуіне көмектесу болды. Кеште түрлі интерактивті бағдарламалар мен ойындар ұйымдастырылды. Студенттер белсенді қатысып, бір-бірімен еркін сөйлесіп, достық қарым-қатынас орнатты. Іс-шара жылы және жағымды атмосферада өтті, барлық жаңа студенттер жағымды әсерлер алды.

Басқа жаңалықтар
11 қараша 2026
11 қараша 2026