- Басты бет
- Кампус
- №18 Студенттер үйінде «Заң мен тәртіп» қағидаттарын насихаттауға және студенттердің құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған кездесу өтті.
№18 Студенттер үйінде «Заң мен тәртіп» қағидаттарын насихаттауға және студенттердің құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған кездесу өтті.
2026 жылғы 22 қыркүйекте Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Студенттер қалашығы мамандарының ұйымдастыруымен №18 Студенттер үйінде студенттермен «Жастар және заң» тақырыбында кездесу өтті.
Кездесудің негізгі мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң талаптарын сақтаудың маңыздылығын түсіндіру, сондай-ақ студенттер арасында жауапкершілік пен құқықтық мәдениетті қалыптастыру.
Іс-шараға Студенттер қалашығының бас маманы Б.К. Дихан, Студенттер қалашығы әкімшілігінің қызметкерлері, учаскелік полиция қызметкері Н. Абаджан және Заң факультеті деканының әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Ж.Р. Есламғалиев қатысты.
Кездесу барысында студенттік ортадағы тәртіп ережелері, заң талаптарын сақтау, студенттердің құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ қарым-қатынас мәдениеті мен өзара құрмет мәселелері кеңінен талқыланды. Сонымен қатар академиялық адалдық қағидаттарын сақтау және әр студенттің қоғам алдындағы жауапкершілігіне ерекше назар аударылды.
Б.К. Дихан өз сөзінде студенттік кезеңнің тек білім алумен шектелмей, тұлғалық және азаматтық тұрғыдан қалыптасудың маңызды кезеңі екенін атап өтті. Ол әрбір студент өз құқықтары мен міндеттерін жақсы білуімен қатар, белгіленген тәртіп талаптарын сақтап, өз әрекеттеріне жауапкершілікпен қарауы қажет екенін жеткізді.
Кездесу ашық диалог форматында өтіп, студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан жауап алды. Еркін пікір алмасу барысында жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу және жауапты мінез-құлық қалыптастыруға қатысты маңызды мәселелер қозғалды.
Осындай кездесулер студенттердің құқықтық білімін жетілдіруге, жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға, заң талаптарын құрметтеуге және студенттік ортада қолайлы әлеуметтік ахуалды сақтауға бағытталған профилактикалық жұмыстардың маңызды бөлігі болып табылады.


Басқа жаңалықтар