Шығыстану факультетінде парсы поэзиясы кеші өтті
18 қыркүйекте шығыстану факультетінің Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасында ТДМ-ның 17-ші «Тұрақты даму үшін серіктестік» бағыты аясында Иранның көрнекті ақыны, парсы және әзірбайжан тілдерінде қатар қала тартқан Шахриярдың туған күніне арналған шара өтті.
Кештің ашылуында Иран Ислам Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Суна Ахмади ханым, Бас консулдық жанындағы Иран Мәдени Өкілдігінің басшысы Мохамммед Масуд Садеқи мырза, шығыстану факультетінің деканы М.Ш. Егамбердиев сөз сөйледі. Кеште ирантану бөлімі студенттері ақынның өлеңдерін парсы тілінде оқып, оның өмірбаяны мен шығармашылық жолына арналған презентацияны жиналған қауымға ұсынды. Аға оқытушы Әтейбекова Нұрзия Шахрияр сериалымен таныстырды.
Бұл шараның мақсаты – студенттерді Ираннның ұлы ақынының шығармашылығымен таныстыру, ақын жырлаған рухани құндылықтарды насихатттау, халықтар арасындағы мәдени байланыстарды дамыту.
Кешке дипломатиялық корпус өкілдері, Ұлттық кітапхана қызметкерлері, оқытушылар мен студенттер қатысты.
Материалды дайындағандар: Ғ.Ә. Қамбарбекова, Н. Т. Әтейбекова.

Басқа жаңалықтар