- Басты бет
- Жаңалықтар
- Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасында 1 курсқа қабылданған студенттеріне арналған шара өтті
Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасында 1 курсқа қабылданған студенттеріне арналған шара өтті
18 қыркүйекте шығыстану факультетінің Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасында ТДМ-ның 4-ші «Сапалы білім беру» бағыты аясында ирантану бөлімінің 1 курсқа қабылданған студенттерімен танысуға арналған шара өтті.
Шараға студенттерді жаңа қадамдарымен құттықтау мақсатында Иран Ислам Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Суна Ахмади ханым, Бас консулдық жанындағы Иран Мәдени Өкілдігінің басшысы Мохамммед Масуд Садеқи мырза арнайы қатысып, оларға арнайы сыйлықтар тапсырып, сәттілік тіледі.
Бұл шараның мақсаты – студенттерді ирантану бөлімі өмірімен, олар таңдаған шығыстану ғылымының ирантану саласының тартымды жақтарымен таныстыру.
Кешке дипломатиялық корпус өкілдері, оқытушылар мен студенттер қатысты.
Материалды дайындағандар: А.Ж. Боранбаева, Қ.Б. Жетпісбаева
Басқа жаңалықтар