«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» тақырыбында дәріс өтті
2026 жылғы 18 қыркүйекте сағат 16:00-де Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Заң факультетінің Үлкен залында Шығыстану факультетінің студенттеріне арналған «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» тақырыбында дәріс өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру, заң талаптарын құрметтеуге және құқықтық мәдениетті қалыптастыруға ықпал ету.
Дәріске Алматы қаласы Бостандық ауданы Полиция департаментінің өкілі Мырзаханов Арслан Мырзаханұлы, Заң факультеті Мемлекет және құқық, конституциялық және әкімшілік құқық теориясы мен тарихы кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі Қанат Алихан қатысты. Кездесу барысында заң талаптарын сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу, жастардың құқықтары мен міндеттері туралы маңызды ақпараттар берілді.
Іс-шара «Саналы ұрпақ – заңға құрметпен қарайтын ұрпақ»* қағидатын насихаттауға бағытталды.

Басқа жаңалықтар