🔬 МЕХМАТТА ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСІ ӨТТІ
Бүгін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Механика-математика факультетінде 2026–2027 оқу жылындағы алғашқы Ғылыми кеңес отырысы өтті.
Кеңес жұмысына Стратегиялық даму орталығының директоры Байжұма Ж.Е. қатысып, факультеттің «Жарияланым белсенділігі және халықаралық ынтымақтастық» бағыты бойынша баяндама жасады.
Баяндама барысында 2022–2026 жылдар аралығындағы факультеттің ғылыми жарияланымдарының көрсеткіштері, шетелдік ұйымдармен бірлескен зерттеулер, халықаралық ғылыми серіктестердің географиясы және жетекші шетелдік ұйымдармен бірлескен жарияланымдар талқыланды. Сондай-ақ ғылыми байланыстарды одан әрі кеңейту мен жарияланым белсенділігін арттыруға бағытталған ұсыныстар айтылды.
Ғылыми кеңес аясында факультеттің алдағы оқу жылындағы ғылыми-зерттеу қызметінің басым бағыттары мен халықаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелері де қарастырылды.
Аталған бағыттар БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарымен (ЦУР) үндесіп, атап айтқанда, ЦУР 4 – «Сапалы білім», ЦУР 9 – «Индустрияландыру, инновациялар және инфрақұрылым» және ЦУР 17 – «Тұрақты даму мақсатындағы әріптестік» міндеттерін жүзеге асыруға бағытталған. Ғылыми зерттеулерді дамыту, халықаралық ғылыми байланыстарды нығайту және шетелдік серіктестермен бірлескен жобаларды кеңейту – факультеттің тұрақты дамуға қосатын маңызды үлесі.
📚 Ғылым, инновация және халықаралық серіктестік – Мехмат дамуының маңызды бағыттарының бірі!


Әлеуметтік-тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасары Б.И. Ахметова
Басқа жаңалықтар