БАЛТАБЕК КАНГУЖИН «ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫМЕН» МАРАПАТТАЛДЫ — ҚазҰУ

БАЛТАБЕК КАНГУЖИН «ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫМЕН» МАРАПАТТАЛДЫ

22 қыркүйек 2026
БАЛТАБЕК КАНГУЖИН «ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫМЕН» МАРАПАТТАЛДЫ

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Механика-математика факультетінің профессор-зерттеушісі, белгілі ғалым Балтабек Есматұлы Кангужин көпжылдық жемісті ғылыми-педагогикалық қызметі және университет ғылымының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Құрмет грамотасымен марапатталды.

Балтабек Есматұлы математика ғылымын дамытуға, ғылыми дәстүрлерді нығайтуға және жас зерттеушілерді даярлауға зор үлес қосып келеді.

Ғалымның ҚазҰУ-дың «Хабаршысы. Математика, механика, информатика сериясы» журналының бас редакторы ретіндегі еңбегі де ерекше. Оның басшылығымен журналдың ғылыми деңгейі мен халықаралық беделі артып, басылымның Scopus және Web of Science халықаралық деректер базаларына енуіне маңызды үлес қосылды.

Механика-математика факультетінің ұжымы Балтабек Есматұлын марапатымен құттықтап, зор денсаулық, шығармашылық табыс пен жаңа ғылыми жетістіктер тілейді!

Марапатыңыз құтты болсын!