БОЛАТ ӘБЕНОВ ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫМЕН МАРАПАТТАЛДЫ — ҚазҰУ

БОЛАТ ӘБЕНОВ ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

22 қыркүйек 2026
БОЛАТ ӘБЕНОВ ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Механика-математика факультетінің ардагер ұстазы Болат Құсайынұлы Әбенов университет қабырғасында 50 жылға жуық уақыт бойы атқарған абыройлы еңбегі және білім мен ғылымның дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Құрмет грамотасымен марапатталды.

Болат Құсайынұлы саналы ғұмырын жоғары білім мен ғылым саласына арнап, оқытушылық, ғылыми және әкімшілік қызметтерді абыроймен атқарды. Көпжылдық еңбек жолында білікті мамандар даярлауға, жас ұрпақ тәрбиесіне және университеттің қоғамдық өміріне белсене атсалысты.

Ғалымның ғылыми-педагогикалық мұрасы да ауқымды. Ол 100-ден астам ғылыми еңбектің және 4 оқулықтың авторы. Ұстаздың кәсіби білімі мен мол тәжірибесі, ғылымға адалдығы мен шәкірт тәрбиесіне қосқан үлесі әріптестері мен шәкірттері үшін әрдайым өнеге.

Механика-математика факультетінің ұжымы Болат Құсайынұлын лайықты марапатымен шын жүректен құттықтап, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасына амандық пен бақ-береке тілейді!

Марапатыңыз құтты болсын!