🎭 Рухани кеш – «Қорлан» қойылымы — ҚазҰУ

🎭 Рухани кеш – «Қорлан» қойылымы

27 қыркүйек 2026
🎭 Рухани кеш – «Қорлан» қойылымы

Механика-математика факультетінің, математика мамандығының 4 курс кураторы Авилтай Наурызбай және 2 курс кураторы Мүтигуллаева Данагул студенттерімен бірге " ЦУР -4 Сапалы білім" аясында Алматы қаласындағы «Алатау» дәстүрлі өнер театрында «Қорлан» драмалық қойылымын тамашалады. 
Қойылым барысында студенттер қазақ өнерінің бай мұрасымен танысып, сахнадағы әсерлі көріністер арқылы махаббат пен сағыныш, адалдық пен тағдыр тақырыптарының терең мәнін сезінді.

Театр — адамға рухани әсер сыйлап, ойға жетелейтін, жүрекке із қалдыратын ерекше өнер ордасы. Осындай мәдени шаралар студенттердің эстетикалық талғамын қалыптастырып қана қоймай, ұлттық өнерге деген қызығушылығы мен құрметін арттыра түседі.

✨ Ұстаз бен шәкірттің бірге өткізген тағылымды кеші — студенттік өмірдің жарқын естеліктерінің бірі!

📍 Өткізілген орны: Алматы қаласы, «Алатау» дәстүрлі өнер театры
🎭 Қойылым: «Қорлан» драмасы
👩‍🏫 Куратор: Авилтай Наурызбай, Аузерхан Гауһар, Мүтиголлаева Данагүл
👨‍🎓 Қатысушылар: математика мамандығының студенттері