«Өзіңе сен – салауатты өмір сүр!»
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде студенттердің психологиялық және эмоционалдық саулығын нығайтуға, өзіне деген сенімін арттыруға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған «Өзіңе сен – салауатты өмір сүр!» тақырыбында кураторлық сағат өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушылардың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру, салауатты өмір салтын ұстануға ынталандыру және өмірлік қиындықтарды еңсеруде өз мүмкіндіктеріне сенімділігін арттыру.
Кураторлық сағат барысында студенттерге физикалық және психологиялық денсаулықтың өзара байланысы, дұрыс тамақтану, жеткілікті ұйқы, күн тәртібін сақтау, дене белсенділігі мен жеке гигиенаның маңыздылығы туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар зиянды әдеттердің алдын алу және күнделікті өмірде пайдалы дағдыларды қалыптастыру мәселелері талқыланды.
Кездесу барысында жағымды ойлау, өзіне сену, алдына нақты мақсат қоя білу және кездесетін қиындықтарға мойымай әрекет ету тақырыптарына ерекше назар аударылды. Студенттер өз ойларымен бөлісіп, денсаулықты сақтау мен белсенді өмір салтын ұстанудың маңыздылығын талқылады.
Іс-шара қорытындысында білім алушылар өз денсаулығын күтуге, физикалық және психологиялық саулықты сақтауға, өз мүмкіндіктеріне сенуге және күнделікті өмірде салауатты әдеттерді тұрақты түрде қалыптастыруға шақырылды.
Басқа жаңалықтар