Едилова Айгуль Канатовна — ҚазҰУ
Едилова Айгуль Канатовна

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «8D05108 – Геоботаника» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Едилова Айгуль Канатовнаның «Алматы облысы жағдайында Humulus lupulus L. популяцияларының қазіргі жағдайы және оларды пайдалану перспективалары» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады. 

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің биология және биотехнология факультеті, ботаника және агроэкология кафедрасының базасында орындалды.

Қорғау формасы – диссертациялық жұмыс.

Қорғау тілі – орыс тілі.

Ресми рецензенттер:

1. Айдарбаева Докторхан Кайсарбековна – биология ғылымдарының докторы, биология кафедрасының профессор міндетін атқарушы, «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» КеАҚ (Алматы қ., Қазақстан). Мамандығы: 03.00.05 – Ботаника.

2. Қаржаубекова Жанат Жумабековна – химия ғылымдарының кандидаты, өсімдік ресурстары зертханасының жетекші ғылыми қызметкері, «Ботаника және фитоинтродукция институты» ШЖҚ РМК (Алматы қ., Қазақстан). Мамандығы: 02.00.10 – Биоорганикалық химия.

 Ғылыми жетекшілері:

1. Инелова Зарина Аркенжановна – биология ғылымдарының кандидаты, ботаника және агроэкология кафедрасының зерттеуші-профессоры, «әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» КеАҚ (Алматы қ., Қазақстан).

2. Куцев Максим Геннадьевич – биология ғылымдарының кандидаты, Алтай мемлекеттік университетінің ғылыми және инновациялық даму жөніндегі проректорының орынбасары (Барнаул қ., Ресей).

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

1. Иманбаева Ақжүніс Алтайқызы – биология ғылымдарының кандидаты, «Маңғышлақ эксперименттік ботаникалық бағы» ШЖҚ РМК бас директоры (Ақтау қ., Қазақстан). Мамандығы: 03.00.05 – Ботаника;

2. Сырлыбекқызы Самал – PhD, профессор, Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің ғылым және даму жөніндегі вице-президенті (Ақтау қ., Қазақстан). Мамандығы: 6D060800 – Экология;

3. Лазьков Георгий Анатольевич – биология ғылымдарының докторы, профессор, Қырғыз Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Биология институты флора зертханасының меңгерушісі (Бішкек қ., Қырғызстан).

Қорғау 2026 жылы 30 қазанда сағат 14:30-да әл‑Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы «6D060700, 8D05101 – Биология», «6D070100, 8D05105 – Биотехнология», «8D05104 – Генетика», «6D061300, 8D05108 – Геоботаника», «8D08401 – Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау», «8D05102 – Биомедицина» мамандықтар / білім беру бағдарламалары тобы бойынша диссертациялық кеңесте аралас (офлайн / онлайн) форматта өтеді.

Zoom конференциясына қосылу: 

https://zoom.us/j/96841743657?pwd=zWEvYjLdFbrBEfJvAdprM9akOu8X1S.1 

Конференция идентификаторы: 968 4174 3657

Жергілікті этикалық комиссия қорытындысы

Философия докторы дәрежесін беру туралы бұйрық