Ректор Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германия ЖОО басшыларымен кездесуіне қатысты
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаев ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германия ЖОО ректорларымен және ғылыми институт жетекшілерімен кездесуіне қатысты.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Германияның білім саласындағы табысты ынтымақтастығына тоқталды.

«Бүгінде Қазақстанның 45 университеті Германиядағы 100-ге жуық серіктеспен ынтымақтастық орнатқан. Екі мыңға жуық қазақстандық студент Германияда білім алады. Қазіргі кезде елімізде шетелдік университеттердің 30-дан астам филиалы мен серіктес өкілдігі бар», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы білім алмасу тәжірибесінен білім қорын бірлесе жасау үдерісіне көшуге мүмкіндік беретін серіктестіктің үш негізгі бағытын ұсынды.
«Біріншіден, бірлескен білім беру бағдарламаларын көбейтіп, серіктес оқу орындары арасындағы қосдипломды бағдарламалардың аясын кеңейту керек. Екі ел студенттері мен зерттеушілерінің бірлесе жұмыс істеуіне мүмкіндік беру маңызды. Осы орайда, елдеріміздің арасындағы академиялық байланысты нығайтуға ықпал ететін арнайы білім алмасу бағдарламасын іске қосуды ұсынамын», – деді Президент.

Мемлекет басшысының айтуынша, технология трансфері – серіктестіктің үшінші бағыты. Қасым-Жомарт Кемелұлы неміс кәсіпкерлерін бірлескен мекемелер жанынан инженерлік зертханалар мен трансфер орталықтарын ашуға шақырды. Сондай-ақ мұндай бастамаларды қоса қаржыландыру арқылы қолдауға дайын екенін жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев сөзін қорыта келе, Германия мен Қазақстанның жетекші университеттері мен ғылыми институттарының басшыларын жаңа жобаларды бірлесе атқаруға шақырды.


Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Баспасөз қызметі
Басқа жаңалықтар