ДМУ Студенттер үйінде «Заң мен тәртіп» қағидаттарын насихаттауға және студенттердің құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған кездесу өтті. — ҚазҰУ

ДМУ Студенттер үйінде «Заң мен тәртіп» қағидаттарын насихаттауға және студенттердің құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған кездесу өтті.

6 қазан 2026
ДМУ Студенттер үйінде «Заң мен тәртіп» қағидаттарын насихаттауға және студенттердің құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған кездесу өтті.

        2026 жылғы 6 қыркүйекте әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Студенттер қалашығы мамандарының ұйымдастыруымен ДМУ Студенттер үйінде студенттермен «Жастар және заң» тақырыбында кездесу өтті.

       Студенттер қалашығында студенттердің құқықтық мәдениетін қалыптастыру, жауапкершілік сезімін арттыру және этикалық нормаларды сақтаудың маңыздылығын түсіндіру бағытында кездесу ұйымдастырылды. Іс-шара барысында студенттік өмірдегі тәртіп ережелері, заң талаптарын сақтау, күнделікті қарым-қатынастағы әдептілік пен өзара құрмет мәселелері кеңінен талқыланды.

        Студенттер қалашығында ұйымдастырылған кездесуге Студенттер қалашығының бас маманы Б.К. Дихан, Биология және биотехнология факультеті деканының әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Ж.М. Басыгараев, География және табиғатты пайдалану факультеті деканының әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары А.Н. Сакенова, сондай-ақ Медицина және денсаулық сақтау факультеті деканының әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Ж.Т. Серикбаева қатысты.

        Студенттер қалашығында өткен кездесу барысында қатысушылар студенттермен еркін форматта пікір алмасты. Б.К. Дихан өз сөзінде жастардың білім алумен қатар, қоғамның белсенді әрі жауапты мүшесі ретінде қалыптасуының маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар заң талаптарын сақтау, академиялық адалдық қағидаттарын ұстану және әрбір әрекетке жауапкершілікпен қарау қажеттігіне ерекше тоқталды.

        Студенттер қалашығында ұйымдастырылған ашық диалог барысында студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандардан жауап алды. Пікір алмасу жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқықтық нормаларды құрметтеу және студенттік ортада жауапкершілік мәдениетін нығайту мәселелерін қамтыды.

        Студенттер қалашығында осындай кездесулер өткізу жастардың құқықтық білімін жетілдіруге, әдеп нормаларын сақтауға, академиялық адалдықты ұстануға және тұлғалық дамуына ықпал етеді. Сонымен қатар мұндай іс-шаралар студенттер арасында өзара құрмет пен жауапкершілік құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған.