- Басты бет
- Кампус
- Студенттік қалашық әкімшілігі мен Жоғары студенттер кеңесінің кезекті кездесуі өтті.
Студенттік қалашық әкімшілігі мен Жоғары студенттер кеңесінің кезекті кездесуі өтті.
2026 жылғы 6 қыркүйекте әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Студенттер қалашығында әкімшілік мамандары мен Жоғары студенттер кеңесінің белсенді мүшелері арасында кезекті кездесу өтті.
Кездесу барысында жаңа оқу жылына арналған негізгі жобалар мен іс-шаралардың жоспары талқыланып, студенттердің құқықтары мен міндеттері, оқу үдерісіндегі жауапкершілігі туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар студенттік ортада тәртіпті сақтау, бастамашылдық таныту және университеттің қоғамдық өміріне белсенді қатысудың маңыздылығы атап өтілді.
Кездесу аясында студенттердің университет өміріне араласу мүмкіндіктері, өз идеялары мен бастамаларын жүзеге асыру жолдары және түрлі жобаларға қатысу мәселелері қарастырылды. Сондай-ақ студенттер арасындағы ынтымақтастықты нығайту, көшбасшылық қасиеттерді дамыту және қоғамдық белсенділікті арттыруға ерекше көңіл бөлінді.
Жиын барысында Жоғары студенттер кеңесінің мүшелері өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ұсыныстары мен пікірлерін ортаға салды. Ашық пікір алмасу студенттердің өзекті мәселелерін талқылауға және алдағы уақытта бірлесіп атқарылатын жұмыстардың бағыттарын айқындауға мүмкіндік берді.
Кездесу қорытындысында студенттердің бастамаларын қолдау, олардың қоғамдық белсенділігін арттыру және университеттің қоғамдық өміріне кеңінен қатысуына жағдай жасау бағытындағы жұмыстарды жалғастыру туралы шешім қабылданды. Мұндай кездесулер студенттердің көшбасшылық қабілеттерін дамытуға, өзара ынтымақтастықты нығайтуға және университет өміріне белсенді араласуына ықпал етеді.


Басқа жаңалықтар