- Басты бет
- Жаңалықтар
- Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында докторанттардың ғылыми зерттеу практикасы басталды
Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында докторанттардың ғылыми зерттеу практикасы басталды
2026 жылғы 5 қазан мен 7 қараша аралығында Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультеті, Түріктану және шығыс елдерінің тарихы кафедрасының «8D02209 – Шығыстану» және «8D02305 – Шетел филологиясы (шығыс тілдері)» білім беру бағдарламалары бойынша білім алатын 2-курс докторанттарының ғылыми зерттеу практикасы өтуде.
Ғылыми зерттеу практикасының негізгі мақсаты – докторанттардың ғылыми-зерттеу құзыреттілігін жетілдіру, диссертациялық зерттеу жұмыстарына қажетті ғылыми дереккөздерді жинақтау, теориялық және әдіснамалық білімдерін тереңдету, сондай-ақ академиялық жазылым дағдыларын дамыту.
Практика барысында докторанттар өздерінің диссертациялық зерттеу тақырыптарына сәйкес ғылыми әдебиеттермен, отандық және шетелдік зерттеулермен, кітапхана қорындағы ғылыми еңбектермен танысып, қажетті материалдарды жүйелеу және талдау жұмыстарын жүргізуде. Сонымен қатар зерттеу нәтижелерін ғылыми айналымға енгізу мақсатында ғылыми мақалалар әзірлеуге, зерттеу мәселелерінің өзектілігін нақтылауға және ғылыми тұжырымдарын қалыптастыруға ерекше назар аударылуда.
Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында ұйымдастырылған ғылыми зерттеу практикасы докторанттардың ғылыми ізденістерін тереңдетуге, дербес зерттеу жүргізу қабілеттерін жетілдіруге және диссертациялық жұмыстарын сапалы орындауға мүмкіндік береді.
Аталған практика – докторанттардың кәсіби және академиялық дамуына, ғылыми әлеуетін арттыруға, сондай-ақ отандық ғылымның дамуына үлес қосатын зерттеулер жүргізуіне бағытталған маңызды кезең.
Басқа жаңалықтар