ТДМ-4: «Металды денсаулықты қалай сақтаймыз?» атты тренинг — ҚазҰУ

ТДМ-4: «Металды денсаулықты қалай сақтаймыз?» атты тренинг

14 қыркүйек 2026
ТДМ-4: «Металды денсаулықты қалай сақтаймыз?» атты тренинг

Физика-техникалық факультетінде студенттерге арналған «Менталдық денсаулықты қалай сақтаймыз?» тақырыбында тренинг өткізілді.

Іс-шараның мақсаты — студенттердің психологиялық саулығын нығайту, эмоционалдық тұрақтылығын дамыту және күнделікті өмірде стрессті тиімді басқару дағдыларын қалыптастыру.

Тренинг барысында студенттер менталдық денсаулықтың маңыздылығы, күйзелістің пайда болу себептері, эмоцияларды басқару және оқу жүктемесі жағдайында психологиялық тепе-теңдікті сақтау жолдары туралы ақпарат алды. Қатысушылар қызықты практикалық тапсырмалар мен пікір алмасуға қатысып, өз эмоцияларын түсіну, қиын жағдайларда сабыр сақтау және эмоционалдық шаршаудың алдын алу тәсілдерімен танысты.

Бүгінгі таңда менталдық денсаулық мәселесі ерекше өзекті. Оқу жүктемесі, емтихандар, болашақ мамандыққа қатысты алаңдаушылық пен күнделікті күйзеліс студенттердің психологиялық жағдайына әсер етуі мүмкін. Сондықтан өз эмоцияларын түсіну, уақытылы демалу, жақындарынан қолдау алу және қажет болған жағдайда маманға жүгіну маңызды.

Тренинг студенттер үшін пайдалы тәжірибе алаңына айналып, психологиялық саулыққа жауапкершілікпен қарауға және өзара қолдау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етті.