- Басты бет
- Теңдік, әралуандық және инклюзия кеңсесі
- ТДМ № 3 : Нархоз университетінде «MIND HELP» атты жоғары оқу орындары арасындағы іс-шара
ТДМ № 3 : Нархоз университетінде «MIND HELP» атты жоғары оқу орындары арасындағы іс-шара
Нархоз университетінде студенттердің психологиялық саулығына, дағдарыстық жағдайлардың алдын алуға және психологиялық көмектің қолжетімді түрлерін дамытуға арналған «Mind Help: Жедел психологиялық қолдау моделі» атты жоғары оқу орындары арасындағы іс-шара өтті.
Іс-шара аясында сараптамалық семинар ұйымдастырылып, Жумадилова Валентина психотерапия орталығының директоры Сергей Владимирович Скляр жастар арасындағы суицидтік мінез-құлықтың алдын алу тақырыбында баяндама жасады. Баяндама барысында эмоционалдық қиындықтарды ерте анықтау, дағдарыстық жағдайлардың алдын алу және кәсіби психологиялық көмекке уақытылы жүгіну мәселелері қарастырылды.
Іс-шараның практикалық бөлімінде Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарының 15 психологын және Қарағанды қаласынан келген маманды біріктірген «PsychoExpress» жобасы жүзеге асырылды. Үш сағат ішінде университет студенттері мен қызметкерлерін қоса алғанда, 60 адам психологиялық қолдау алды. Олардың 78%-ын бірінші курс студенттері құрады. Бұл университеттік ортаға бейімделу кезеңінде психологиялық көмектің ерекше маңызды екенін көрсетті. Қатысушылардың негізгі сұраныстары мазасыздық пен күйзеліске байланысты болды. Консультация нәтижесінде қатысушылардың 93%-ы эмоционалдық жағдайының жақсарғанын атап өтті.
Аталған іс-шараға әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Психологиялық көмек орталығының мамандары да қатысты. Олардың қатысуы психологиялық қолдау саласындағы тәжірибе алмасуға, кәсіби ынтымақтастықты нығайтуға және студенттердің психологиялық саулығын сақтаудың тиімді тәсілдерімен танысуға мүмкіндік берді.
«Mind Help» және «PsychoExpress» жобалары студенттерге уақытылы психологиялық көмек көрсетудің, эмоционалдық қиындықтардың алдын алудың және жастар арасында психологиялық қолдау мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығын көрсетті. Мұндай бастамалар жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты дамытуға және студенттер үшін қолайлы психологиялық орта қалыптастыруға ықпал етеді.


