«Тәжірибелік зерттеу және рефлексивті практик-зерттеушілерді қалыптастыру» тақырыбындағы тәжірибелік-зерттеу воркшобына шақырамыз! — ҚазҰУ

«Тәжірибелік зерттеу және рефлексивті практик-зерттеушілерді қалыптастыру» тақырыбындағы тәжірибелік-зерттеу воркшобына шақырамыз!

12 қазан 2026 – 23 қазан 2026

«Тәжірибелік зерттеу және рефлексивті практик-зерттеушілерді қалыптастыру» тақырыбындағы тәжірибелік-зерттеу воркшобына шақырамыз!

Құрметті әріптестер, докторанттар және әлеуметтік жұмыс саласының мамандары!

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Философия және саясаттану факультеті, Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасы сіздерді Гонконг политехникалық университетінің (The Hong Kong Polytechnic University, PolyU) Қолданбалы әлеуметтік ғылымдар департаментінің профессоры Hok Bun Ku және PhD Alpha Lam қатысуымен өтетін «Тәжірибелік зерттеу және рефлексивті практик-зерттеушілерді қалыптастыру» тақырыбындағы тәжірибелік-зерттеу воркшопына шақырады.

Воркшоп барысында тәжірибелік зерттеулердің әдіснамалық негіздері, әлеуметтік жұмыс саласындағы зерттеу мен практиканың өзара байланысы, сондай-ақ рефлексивті практик-зерттеушілерді қалыптастыру мәселелері талқыланады.

Іс-шара PhD докторанттарына, профессор-оқытушылар құрамына және әлеуметтік жұмыс саласының практик-мамандарына арналған.

📍Іс-шара туралы ақпарат:
* Күні: 2026 жылғы 23 қазан
* Уақыты: 10:00-13:00 (3 сағат)
* Өтетін орны: Әл-Фараби атындағы ғылыми кітапхана, 308-кабинет
* Форматы: Офлайн, тәжірибелік-зерттеу воркшопы

Ұйымдастырушы: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Философия және саясаттану факультеті, Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасы.

Сіздерді халықаралық тәжірибе алмасуға, ғылыми талқылаулар мен тәжірибелік жұмыстарға белсенді қатысуға шақырамыз!