Сабитов Қуаныш Алимханұлы — ҚазҰУ
Сабитов Қуаныш Алимханұлы

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «8D04202 – Теориялық юриспруденция» білім беру бағдарламасы  бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Сабитов Қуаныш Алимханұлының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қаржылық қызметінің конституциялық-құқықтық негіздері»  тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.  

Диссертациялық жұмыс Қонаев университетінің «Құқық» даярлау бағыты бойынша орындалды.

Қорғау нысаны – диссертациялық жұмыс.

Қорғау тілі – орыс тілі. 

Ресми рецензенттер: 

  1. Кегембаева Жанар Аманжановна – заң ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының профессоры (Алматы қ., Қазақстан); 
  2. Культемирова Лейла Тимуровна – заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор (доцент), Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының әкімшілік-құқықтық пәндер кафедрасының профессоры. 

Ғылыми кеңесшілер:

  1. Алибаева Гульнар Айтчановна – заң ғылымдарының докторы, Қонаев университетінің «Құқық» бағытының профессоры (Алматы қ., Қазақстан); 
  2. Рысмендеев Бактыбек Дженишбекович – заң ғылымдарының докторы, профессор, Қырғыз Республикасы Бас прокуратурасының Құқық академиясы прокуратура факультетінің деканы (Бішкек қ., Қырғызстан). 

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

  1. Тлешалиев Нурлан Даулеткулович – PhD, Каспий қоғамдық университетінің «Әділет» жоғары құқық мектебінің қауымдастырылған профессоры (Алматы қ., Қазақстан); 
  2. Ибраев Алишер Серикболович – PhD, «Медикер» ЖШС кадрлық қамтамасыз ету департаментінің директоры (Астана қ., Қазақстан); 
  3. Пулатова Нодирахон Собиржоновна – заң ғылымдарының докторы, Ташкент мемлекеттік заң университетінің Қоғамдық құқық факультетінің Зерттеу орталығының жетекшісі, Мемлекет және құқық теориясы департаментінің профессор міндетін атқарушысы (Ташкент қ., Өзбекстан). 

Қорғау 2026 жылғы 12 қарашада сағат 12:00-де аралас (онлайн және офлайн) форматта әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D030100, 8D04203 – Құқықтану; 6D030200, 8D04201 – Халықаралық құқық» мамандықтар/білім беру бағдарламалары тобы бойынша диссертациялық кеңесте өтеді.

Мекенжайы: 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, Заң факультеті, №300 аудитория.

Zoom конференциясына қосылу:
https://zoom.us/j/97705546035?pwd=4VXyH58KYrXATeXAKHbRbaE9mFPUQW.1 

Конференция идентификаторы: 977 0554 6035

Жергілікті этикалық комиссия қорытындысы