Баянды Гүлшат Асхатқызы
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «8D05105 – Биотехнология» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Баянды Гүлшат Асхатқызының «Құтыру вирусына қарсы наноантиденелерді алу және сипаттау» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.
Диссертациялық жұмыс әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің молекулалық биология және генетика кафедрасының «Молекулалық генетика» зертханасында және «Антиген ғылыми-өнеркәсіптік кәсіпорны» ЖШС орындалды.
Қорғау формасы – диссертация.
Қорғау тілі – қазақ тілі.
Ресми рецензенттер:
1. Касенов Мархабат Мэльсбекович – ветеринария ғылымдарының кандидаты, профессор, «Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринария институты» ЖШС бас директоры (Алматы, Қазақстан). Мамандығы: 16.00.00 - «Ветеринария»;
2. Абдолла Нұршат – PhD, қауымдастырылған профессор, М. А. Айтхожин атындағы молекулалық биология және биохимия институтының молекулалық иммунология және иммунобиотехнология зертханасының меңгерушісі (Алматы, Қазақстан). Мамандығы: 6D060700 – «Биология».
Ғылыми жетекшілері:
1. Бисенбаев Амангельды Куанбаевич – биология ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биология және биотехнология факультетінің молекулалық биология және генетика кафедрасының профессоры (Алматы, Қазақстан);
2. Сапарбаев Мурат Калиевич – PhD, Густав Русси атындағы онкология институтының «ДНҚ репарациясы» зертханасының профессоры (Париж, Франция).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
1. Орынбаев Мухит Бармакович – ветеринария ғылымдарының кандидаты, ҚР ҰҒА академигі, профессор, «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты» ЖШС бас ғылыми қызметкері (Қазақстан, Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Гвардейский кенті).
2. Табынов Кайсар Казыбаевич – ветеринария ғылымдарының кандидаты, профессор, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті жанындағы Халықаралық вакцинология орталығының директоры (Алматы қ., Қазақстан);
3. Кошенов Жанат – PhD, Грац медицина университетінің молекулалық биология және биохимия кафедрасының ассистент-профессоры (Грац, Австрия).
Қорғау 2026 жылы 13 қарашада сағат 14:30-да әл‑Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы «6D060700, 8D05101 – Биология», «6D070100, 8D05105 – Биотехнология», «8D05104 – Генетика», «6D061300, 8D05108 – Геоботаника», «8D08401 – Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау», «8D05102 – Биомедицина» мамандықтар / білім беру бағдарламалары тобы бойынша диссертациялық кеңесте аралас (офлайн / онлайн) форматта өтеді.
Zoom конференциясына қосылу:
https://zoom.us/j/96078425731?pwd=chJ14C3TQMF9jyFs8MIlegqQrvytar.1
Конференция идентификаторы: 960 7842 5731
Басқа жаңалықтар