Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері Erasmus+ ICM бағдарламасы аясында Берген университетінде білім алуды сәтті аяқтады — ҚазҰУ

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері Erasmus+ ICM бағдарламасы аясында Берген университетінде білім алуды сәтті аяқтады

12 қазан 2026
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері Erasmus+ ICM бағдарламасы аясында Берген университетінде білім алуды сәтті аяқтады

2026 жылдың көктемгі семестрінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Халықаралық құқық» білім беру бағдарламасының 2-курс студенттері Норвегия Корольдігіндегі Берген университетінің Заң факультетінде Erasmus+ ICM (International Credit Mobility) бағдарламасы аясында бір семестр бойы білім алып, оқуын сәтті аяқтады.

2025 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Халықаралық қатынастар факультетінің Халықаралық құқық кафедрасы Берген университетінің Заң факультетімен бірлесіп, 2025–2028 оқу жылдарына арналған Erasmus+ ICM жобасын жеңіп алды. Жоба студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын дамытуға, халықаралық білім беру саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ екі университет арасындағы академиялық байланысты кеңейтуге, соның ішінде профессорлардың дәріс оқуына бағытталған.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасының қатысушылары:

  • Ергөбек Мұхтар;

  • Қабидолла Дәриягүл;

  • Рысмағамбет Диана.

Бір семестр бойы студенттер шетелдік университетте білім алып, халықаралық құқық саласындағы білімдерін тереңдетуге, Норвегияның заң білім беру жүйесінің ерекшеліктерімен танысуға және халықаралық академиялық ынтымақтастық аясында құнды тәжірибе жинақтауға мүмкіндік алды.

Бағдарлама аяқталғаннан кейін студенттер Қазақстанға оралды. Олар алған жаңа білімдерімен, академиялық тәжірибесімен және кәсіби дағдыларымен болашақта өздерінің кәсіби дамуына жол ашты.

Erasmus+ ICM жобасын жүзеге асыру әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Халықаралық құқық кафедрасының халықаралық байланыстарын нығайтудағы және Берген университетімен әріптестікті дамытудағы маңызды қадам болып табылады. Студенттердің бағдарламаға қатысуы заң білімінің сапасын арттыруға және академиялық ұтқырлық мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал етеді.

Халықаралық құқық кафедрасы студенттерді оқу бағдарламасын сәтті аяқтауымен құттықтап, оларға оқуда, ғылыми қызметте және болашақ кәсіби мансабында толағай табыс тілейді!

 

Instagram:

 

Facebook: