2026 жылдың 25 қыркүйек күні Заң факультетінің студенттері Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасына танымдық экскурсия жасады.
«ТДМ 4 – Сапалы білім»
Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттердің кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, білімге деген құштарлығын ояту және кітапхананың білім мен рухани дамудағы маңызын көрсету. Бұл іс-шара Заң факультетінің «Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық» кафедрасының оқытушысы Еркеназ Базартайқызының жетекшілігімен жүзеге асырылды.
Мақсаты:
•Студенттердің кітапхана мүмкіндіктерімен танысуына жағдай жасау;
•Кітап оқуға және өздігінен білім алуға қызығушылықтарын арттыру;
•Студенттердің білім көкжиегін кеңейту;
•Мәдени-танымдық орта қалыптастыру.
Сапар барысында студенттер Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының тыныс-тіршілігімен, кітап қоры және оқу залдарымен танысты. Кітапханадағы ерекше атмосфера студенттерге білім мен ізденістің маңызын тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.
Кітапхана – білімнің қайнар көзі, ал сапалы білім – жарқын болашақтың негізі!
Басқа жаңалықтар