Алтай университеті делегациясының ҚазҰУ Тарих музейіне келуі
5 қазан 2026
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Тарих музейіне Алтай университетінің делегациясы келді.
Музейге келу барысында қонақтар университеттің қалыптасу тарихымен, көрнекті тұлғаларымен және Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасымен танысты. Делегация мүшелері экспозицияларға ерекше ықылас танытып, халқымыздың тарихы мен рухани құндылықтарына деген жылы лебіздерін білдірді.
Кездесу мәдени мұраны құрметтеу, тарихи сабақтастықты сақтау және университеттер арасындағы достық байланыстарды нығайту тұрғысынан маңызды болды.
