Korea Foundation делегациясы ҚазҰУ музейінде — ҚазҰУ

Korea Foundation делегациясы ҚазҰУ музейінде

11 қараша 2026
Korea Foundation делегациясы ҚазҰУ музейінде

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің музейіне Корея қорының (Korea Foundation) президенті Сон Гуидо бастаған делегация келді.

Сапар барысында қонақтарға университеттің бай тарихи-мәдени мұрасы, қалыптасу және даму кезеңдері, сондай-ақ Қазақстан ғылымы мен білім беру жүйесінің тарихындағы маңызды белестер таныстырылды.

Делегация мүшелерінің ерекше қызығушылығын Шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл-Фарабиге, Ұлы Жібек жолына және ежелгі өркениеттердің мәдени мұрасына арналған экспозициялар тудырды. Сонымен қатар қонақтар Қазақстанның көне тарихының маңызды символдарының бірі — Алтын адамға арналған көрмемен танысты.

Бүгінде музей қорында 5 000-нан астам тарихи құжаттар мен материалдар жинақталған. Музей экспозициясында 120 көрме витринасы орналасқан, ал жалпы көрме аумағы шамамен 1 000 шаршы метрді құрайды. Бұл — университеттің тарихи мұрасын сақтау мен насихаттауға бағытталған маңызды мәдени-ағартушылық орталық.

Аталған сапар қонақтарға ҚазҰУ тарихы мен академиялық дәстүрлерімен жақынырақ танысуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар Қазақстан мен Корея Республикасы арасындағы мәдени және білім беру салаларындағы халықаралық ынтымақтастық пен өзара түсіністікті нығайтудың маңызын көрсетті.