РУДН делегациясының ҚазҰУ Тарих музейіне келуі — ҚазҰУ

РУДН делегациясының ҚазҰУ Тарих музейіне келуі

2 қазан 2026
РУДН делегациясының ҚазҰУ Тарих музейіне келуі

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Тарих музейіне Ресей халықтар достығы университетінің (РУДН) делегациясы келді.

Экскурсия барысында қонақтар университеттің қалыптасу тарихымен, көрнекті тұлғаларымен және Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасымен танысты. Музей экспозициялары Қазақстанның ғылымы мен білімінің даму жолын тереңірек тануға мүмкіндік берді.

ҚазҰУ мен РУДН арасындағы ынтымақтастық академиялық ұтқырлықты, бірлескен ғылыми зерттеулерді, білім беру бағдарламаларын және халықаралық ғылыми іс-шараларды қамтиды. Екі университеттің серіктестігі білім мен ғылым саласындағы тәжірибе алмасуға және халықаралық академиялық байланыстарды нығайтуға ықпал етеді.