Алания қаласының мэрі және OFM ауруханасының негізін қалаушы ҚазҰУ Тарих музейінде — ҚазҰУ

Алания қаласының мэрі және OFM ауруханасының негізін қалаушы ҚазҰУ Тарих музейінде

9 қазан 2026
Алания қаласының мэрі және OFM ауруханасының негізін қалаушы ҚазҰУ Тарих музейінде

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Тарих музейіне Алания қаласының мэрі, OFM ауруханасының негізін қалаушы әрі бас директоры Осман Тарык келді.

Кездесу барысында мәртебелі қонақ университеттің тарихымен, ғылыми жетістіктерімен және халықаралық ынтымақтастық бағыттарымен танысты. Сонымен қатар медицина саласындағы инновациялар, медициналық білім беруді дамыту және денсаулық сақтау саласындағы халықаралық тәжірибе алмасу мүмкіндіктеріне назар аударылды.

Мұндай кездесулер білім мен ғылымды, соның ішінде медицина саласын дамытуға бағытталған халықаралық байланыстарды нығайтуға және жаңа ынтымақтастық мүмкіндіктерін қалыптастыруға ықпал етеді.