«Дұрыс тамақтану және өмір салты» атты семинар-тренинг — ҚазҰУ

«Дұрыс тамақтану және өмір салты» атты семинар-тренинг

15 қазан 2026
«Дұрыс тамақтану және өмір салты» атты семинар-тренинг

География және табиғатты пайдалану факультетінің Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының оқытушылары Құрбанова Л.С. мен Таныбаева А.К. «Экология» білім беру бағдарламасының студенттеріне денсаулықты сақтау және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында «Дұрыс тамақтану және салауатты өмір салты» тақырыбында семинар-тренинг өткізді. Семинардың мақсаты - студенттердің дұрыс тамақтанудың маңыздылығы мен адам денсаулығының құндылығы туралы түсініктерін қалыптастыру, салауатты өмір салты жөніндегі білімдерін кеңейту, сондай-ақ денсаулықтың адам өміріндегі маңызын терең түсіндіру. 

Семинар барысында студенттер өз пікірлерін білдіріп, денсаулықтың құндылығы, дұрыс тамақтану, тағам өнімдерінің экологиялық қауіпсіздігі және тіршілік әрекетінің экологиялық қауіпсіздігі туралы қосымша ақпаратпен бөлісуге мүмкіндік алды. Іс-шара барысында дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыруға және өз денсаулығына жауапкершілікпен қараудың маңыздылығын түсіндіруге ерекше назар аударылды.