Математика кафедрасының оқытушылары халықаралық конференцияға қатысты — ҚазҰУ

Математика кафедрасының оқытушылары халықаралық конференцияға қатысты

1 қазан 2026
Математика кафедрасының оқытушылары халықаралық конференцияға қатысты

Математика кафедрасының аға оқытушылары Молыбайқызы А., Буканай Н.Ұ. және оқытушы Қуаныш С.Қ. Астана қаласындағы Назарбаев Университетінде өткен «1st International Conference and Workshop on Mathematics and Artificial Intelligence» атты I халықаралық конференция мен семинарға қатысты.

Іс-шара математика және жасанды интеллект салаларындағы өзекті мәселелерді талқылауға, заманауи ғылыми нәтижелер мен инновациялық әдістерді таныстыруға, сондай-ақ отандық және шетелдік ғалымдар арасында тәжірибе алмасуға арналды.

Конференцияға қатысу оқытушылардың кәсіби және ғылыми байланыстарын кеңейтуге, математика мен жасанды интеллектіні ұштастыратын жаңа зерттеу бағыттарымен танысуына және жинақталған тәжірибені білім беру үдерісінде қолдануына мүмкіндік берді.

Аталған іс-шара Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарының №4 «Сапалы білім», №9 «Индустрия, инновациялар және инфрақұрылым» және №17 «Тұрақты даму жолындағы әріптестік» бағыттарының жүзеге асырылуына ықпал етеді.

Математика кафедрасының меңгерушісі: Тлеулесова А.М.  
Математика кафедрасы меңгерушісінің ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары: Буканай Н.Ұ.