Қиыр Шығыс кафедрасында Оңтүстік Кореяның «Binggrae Co., Ltd.» компаниясының өкілдерімен кездесу өтті — ҚазҰУ

Қиыр Шығыс кафедрасында Оңтүстік Кореяның «Binggrae Co., Ltd.» компаниясының өкілдерімен кездесу өтті

15 қазан 2026
Қиыр Шығыс кафедрасында Оңтүстік Кореяның «Binggrae Co., Ltd.» компаниясының өкілдерімен кездесу өтті

2026 жылғы 15 қазанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультетінің Қиыр Шығыс кафедрасында корейтану бөлімінің студенттері мен оқытушылары Оңтүстік Кореяның «Binggrae Co., Ltd.» компаниясының өкілдерімен кездесті. Іс-шара университет пен оңтүстіккореялық бизнес өкілдері арасындағы өзара ынтымақтастықты кеңейту мақсатында ұйымдастырылды.

Кездесу барысында компания өкілдері қатысушыларды «Binggrae Co., Ltd.» компаниясының тарихымен және негізгі қызмет бағыттарымен таныстырып, компания жұмысының ерекшеліктері мен оның Оңтүстік Корея нарығындағы рөлі туралы баяндады.

Осындай кездесулерді өткізу студенттердің кәсіби дамуына, корей тілі мен мәдениетін үйренуге деген қызығушылығын арттыруға, сондай-ақ оңтүстіккореялық компаниялармен алдағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал етеді.