- Басты бет
- Жаңалықтар
- Ирантану бөлімі оқытушылары мен студенттері «ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміндегі Иран: суреттердегі тарих» атты фотокөрменің ашылуына қатысты
Ирантану бөлімі оқытушылары мен студенттері «ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміндегі Иран: суреттердегі тарих» атты фотокөрменің ашылуына қатысты
16 қазанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мұражайында «ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміндегі Иран: суреттердегі тарих» атты фотокөрме ашылды.
Бұл аталмыш көрменің ашылу салтанатына Иран Ислам Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Суна Ахмади ханым, ҚазҰУ-дың Басқарма мүшесі - ғылыми-инновациялық қызмет жөніндегі проректор Марғұлан Ибраимов, тарих факультетінің деканы Досбол Байгунаков, оқытушылар мен студенттер қатысты.
Көрменің басты мақсаты — адамзат өркениетінің көне ошақтарының бірі болған Иран елінің ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енген 29 материалдық тарихи мұра нысанын деректі фотосуреттер арқылы көпшілік назарына ұсыну. Экспозицияда б.з.д. V мыңжылдыққа жататын ежелгі Шахр-е Сухте археологиялық кешені, 2500 жылдық тарихы бар әйгілі Персеполь сарайлары, ежелгі Хегматана (Экбатана) қаласы, Исфахан мен Йездтің архитектуралық ансамбльдері, ежелгі кәріз, керуенсарай және парсы бақтарының таңғажайып көріністері орын алған.
Фотокөрме ҚазҰУ-дың Бас ғимаратындағы университет музейінде 2026 жылдың 30 қазанына дейін жалғасады.
А.Ж. Боранбаева
Басқа жаңалықтар