Еспотаева Арина Сакеновна
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «8D10102 – Медицина» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін ұсынылған Еспотаева Арина Сакеновнаның «Особенности течения хронических вирусных гепатитов у пациентов на гемодиализе» тақырыбында диссертациясы қорғалады.
Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Медицина және денсаулық сақтау факультетінің эпидемиология, биостатистика және дәлелді медицина кафедрасында орындалған.
Қорғау форматы – диссертация.
Қорғау тілі – орыс тілі.
Ресми рецензенттер:
Абуова Гульжан Наркеновна – медицина ғылымдарының докторы, профессор, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының жұқпалы аурулар кафедрасының меңгерушісі. (Шымкент қ., Қазақстан).
Мамандығы: 3.2.2 - «Эпидемиология»
Мамандығы: 3.1.22 - «Жұқпалы аурулар»
- Паршина Екатерина Викторовна - медицина ғылымдарының кандидаты, Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің Н. И. Пирогов атындағы Жоғары медициналық технологиялар клиникасындағы Нефрология және диализ бөлімшесінің меңгерушісі, Санкт-Петербург мемлекеттік университеті Медицина институтының Ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасының ассистенті (Санкт-Петербург, Ресей).
Мамандығы: 3.1.18 - «Ішкі аурулар»
Ғылыми кеңесшілер:
1. Курманова Алмагуль Медеубаевна - медицина ғылымдарының докторы, профессор, «Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің акушерлік және гинекология кафедрасының меңгерушісі (Алматы қ., Қазақстан).
2. Кабулбаев Кайрат Абдуллаевич - медицина ғылымдарының докторы, Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің нефрология кафедрасының профессоры (Алматы қ., Қазақстан).
3. Гайпов Абдужаппар Эркинович - медицина ғылымдарының докторы, Назарбаев университеті медицина мектебінің профессоры (Астана қ., Қазақстан).
4. Аймун Ахмед- MSc, MD, медициналық білім беру бойынша дипломнан кейінгі сертификат иегері (PGC Med Ed), Корольдік дәрігерлер колледжінің толық мүшесі (FRCP), профессор, кеңесші нефролог және Манчестер университетінің аға оқытушысы, Ланкейшер университет клиникасының дәрігер нефрологы (Престон қ, Англия).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
- Байко Сергей Вальеревич - медицина ғылымдарының докторы, Беларусь мемлекеттік медицина университетінің біліктілікті арттыру және қайта даярлау курсы бар урология және нефрология кафедрасының профессоры (Минск қ., Беларусь)
- Сирен Сезер – MD, профессор, Medicana International ауруханасының дәрігер нефрологы (Анкара қ., Турция).
- Кайбуллаева Джамиля Ахтановна — медицина ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, «Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты» АҚ Басқарма төрағасының ғылыми-клиникалық және инновациялық қызмет жөніндегі орынбасары (Алматы, Қазақстан).
Қорғау 2026 жылдың 19 қараша сағат 10:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанынан ашылған «8D10101 (6D110200) – Қоғамдық денсаулық сақтау», «8D10102 (6D110100) – Медицина», «8D10104 (6D110400) – Фармация», «8D10103- Мейіргерлік іс» мамандықтар тобы/ білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесінде офлайн/онлайн түрде өтеді. Офлайн қорғау келесі мекен-жайда өтеді: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің кітапханасының 303 кабинеті, аль-Фараби даңғылы 71, Алматы қ.
Zoom сілтемесі:
https://zoom.us/j/99988229795?pwd=XwvlbjOJSbWhCYVMFSRmfYiPUi6Mkk.1
Конференцияның идентификаторы: 999 8822 9795
Басқа жаңалықтар