Термоядролық энергетиканы дамытуды көздейді — ҚазҰУ

Термоядролық энергетиканы дамытуды көздейді

21 қазан 2026
Термоядролық энергетиканы дамытуды көздейді

Инеш Кенжина – PhD, қауымдастырылған профессор, физика-тех­ни­калық факультетінде жетекші ғылыми қыз­мет­­кер, ядролық және термо­ядро­лық энергетика сала­сы­ның ма­маны. Ол ядролық және тер­мо­ядролық реакторларға арнал­ған функционалдық және конструк­ция­лық материал­дар­ды зерттеу бағытында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүр­гізеді. Инеш Кенжинаның ғылыми қызметі реакторлық экс­пе­ри­менттер жағ­дайында тритийдің қасиет­тер­ді, тер­­­мо­ядролық реакторлардың бри­­дер материал­да­рын, берил­лий интерметалдық қосылыстарын, функ­­­ционал­дық және конс­трук­циялық материалдардағы радиациялық әсер­­лерді, сон­дай-ақ сутегі изотоптарының материалдармен өзара әрекет­те­суін зерттеуге арналған. 

Ғалымның негізгі жетіс­тік­те­рі ре­тін­де Scopus деректер базасында жоғары рейтингті ғылыми журналдарда жария­лан­ған 132 мақаласын атауға болады. Хирш индексі – 20 (Scopus бойынша). Оған қоса, зейінді ғалым халықаралық және ұлттық ғылыми жобаларға қаты­са­ды. Бүгінде ол термо­ядро­­лық реак­тор­ларға арнал­ған технологияларды да­мыту ба­ғытында, оның ішінде bree­ding blanket жүйелерін, IFMIF-DONES, CANSKA, SHINE сияқты ней­трон көздерін зерттеу және нейтрон­дық сәулелену жағ­да­йында тритийдің қа­сиетін зерт­теу жұмыстарын жүр­гізуде.

Термоядролық энергетика қазіргі энергетиканың дамуы­ның ең перспек­ти­валы бағыт­та­рының бірі. Ол эколо­гия­­лық таза және іс жүзінде сар­қыл­майтын энергия өндіруді қамтамасыз етеді. Инеш Кенжинаның ғы­лыми зерт­теу­лері термоя­дро­лық реакторларда тритийді тиімді өндіруді, ұстап тұруды және бақылауды қамтамасыз ететін материалдар мен тех­ноло­гияларды әзір­леуге бағыт­тал­ған. Жүргізіліп жат­қан ғылы­ми жобалар аясында литий құрамды материалдардың қа­сиет­тері, тритийдің гене­ра­ция­сы, миграциясы және бөліну процестері, сондай-ақ нейтрон­дық сәулеленудің материал­дар­дың құрылымы мен функ­цио­налдық сипаттамаларына әсері зерттелуде. 

Зерттеулердің ғылыми жаңа­­­лығы радиация әсерінен туын­дайтын про­цес­терді тере­ңі­рек зерделеу және ма­те­риал­дардың радиациялық төзім­ділігі мен функционалдық тиімділігін арт­ты­ру­дың жаңа тәсілдерін әзірлеу арқылы сипат­талады. Алынған нәти­женің маңызды практикалық мәні бар және олар­ды термо­ядро­лық реактор­лардың компо­нент­терін жасауға және оны оңтайландыруда қолдануға болады, сондай-ақ ядролық энер­гетиканы дамытуға әрі технологиялық тәуелсіз­дік дең­гейін арттыруға ықпал етеді. Зерттеулер материалтану әді­с­терін, сәулелендіру қондыр­ғы­ларын және есептеу модель­деуін қамтитын зама­науи экс­пери­менттік және сарап­та­малық база негізінде жүргі­зі­леді.

Бұл ғылыми бағыт термо­ядро­лық энергетиканы дамы­туға, еліміздің ғылыми-тех­но­логиялық әлеуетін ны­ғайтуға, сондай-ақ халықаралық ғы­лыми қауымдастыққа интегра­ция­ла­ну­ға ықпал етеді.

Қайыржан Төрежан