Жемқорлыққа қарсы мәдениет және адалдық құндылықтары
2026 жылғы 20 қазанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің механика-математика факультетінің Сары залында «Жемқорлықтан ТЫС университет» жобасы аясында 2-курс студенттеріне арналған «Жемқорлыққа қарсы мәдениет және адалдық құндылықтары» тақырыбында семинар өтті.
Іс-шараны механика кафедрасының оқытушысы Калыбекова Айгерим өткізді. Семинарға кафедра меңгерушісінің оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Әсел Исмаилова мен кафедраның аға куратор-эдвайзері Оралхан Байсбаева қатысты.
Семинардың мақсаты – студенттер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, адалдық, әділдік және жауапкершілік құндылықтарын насихаттау, сондай-ақ білім беру үдерісінде академиялық адалдықтың маңыздылығын түсіндіру.
Кездесу барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оның қоғам мен білім беру жүйесіне тигізетін кері әсері және академиялық адалдық қағидаттарын сақтау мәселелері талқыланды. Студенттер плагиатқа жол бермеу, оқу тапсырмаларын өз бетінше орындау және өз әрекеттеріне жауапкершілікпен қарау қажеттілігі туралы ақпарат алды.
Семинар Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарымен, атап айтқанда, 4-мақсат – «Сапалы білім» және 16-мақсат – «Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар» бағыттарымен үндеседі.
Осындай іс-шаралар жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, адалдық пен әділдік құндылықтарын нығайтуға және жемқорлықтан ада университет ортасын қалыптастыруға ықпал етеді.



Оқытушы: Калыбекова Айгерим
Басқа жаңалықтар