- Басты бет
- Жаңалықтар
- Академик Шахбаз Әлімгерейұлы Ершиннің 100 жылдығына арналған ғылыми жинақ жарық көрді
Академик Шахбаз Әлімгерейұлы Ершиннің 100 жылдығына арналған ғылыми жинақ жарық көрді
2026 жылы Нью-Йоркте көрнекті ғалым, академик Шахбаз Әлімгерейұлы Ершиннің туғанына 100 жыл толуына орай Selected Problems in Fluid Dynamics and Heat and Mass Transfer: Selected Papers («Гидродинамика, жылу және масса алмасудың таңдамалы мәселелері») атты ғылыми жинақ жарық көрді.
Академик Ш.А. Ершин бүкіл өмірін ғылымға арнап, механика саласының дамуына және Қазақстанда гидромеханика ғылыми мектебінің қалыптасуына зор үлес қосты. Оның ғылыми ізденістері, зерттеуге деген адалдығы және жас ғалымдарды тәрбиелеудегі еңбегі отандық ғылымның дамуына берік негіз қалады. Ғалымның мұрасы шәкірттері мен ізбасарларының зерттеулері арқылы жалғасын тауып келеді.
Жинақтың редакторлары — академиктің шәкірттері Uzak Zhapbasbayev, Aidarkhan Kaltaev және Bakytzhan Assilbekov. Басылымға сұйықтық пен газ механикасы, гидродинамика, жылу және масса алмасу салаларындағы өзекті ғылыми мәселелерге арналған зерттеу мақалалары енгізілген.
Осы мерейтойлық жинаққа біздің ғылыми мақаламыздың енгізілуі біз үшін ерекше қуанышты жайт.
«Machine Learning Models for Predicting Surfactant-Enhanced Oil Removal from Contaminated Soil»
Авторлар: Ehsan Hajibolouri, Bakbergen Bekbau, Sagyn Omirbekov, Mohammad Ranjbaran, Dinara Turalina және Masoud Riazi.
МақалаJournal of Hazardous Materials журналының 499-томында жарияланған.
DOI: https://doi.org/10.1016/j.jhazmat.2025.140141
Мақала CC BY 4.0 лицензиясы бойынша қолжетімді.
Осындай маңызды ғылыми басылымның бір бөлігі болу біз үшін үлкен мәртебе әрі қуаныш. Академик Ш.А. Ершиннің жарқын мұрасына арналған жинаққа өз үлесімізді қосу — ғылыми зерттеулерді жалғастыруға және ғалымдар сабақтастығын нығайтуға қосылған үлес деп білеміз. Бірлескен еңбегі мен ынтымақтастығы үшін барлық авторларға алғыс білдіреміз.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті үшін көрнекті ғалымдардың ғылыми мұрасын сақтау, зерттеулерді дамыту және ғалымдар сабақтастығын қамтамасыз ету — академиялық дәстүрлердің маңызды бөлігі.
Ғылыми мұра — ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, жаңа зерттеулер мен ғылыми идеялар арқылы өмір сүретін құндылық.
Механика кафедрасы
Басқа жаңалықтар