2-курс студенттері әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің музейінде орналасқан Иранның мәдени және тарихи мұрасына арналған көрмені тамашалады.
Көрме барысында курсанттар Иранның бай тарихымен, сәулет өнерімен және тарихи ғимараттарының ерекшеліктерімен танысты. Әсіресе, Иранның тарихи нысандарының қалыптасу тарихы мен сәулеттік құндылықтары студенттердің ерекше қызығушылығын тудырды. Олар көрме экспозициясын зерделеп, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.
Мұндай танымдық кездесулер жас ұрпақтың тарихи-мәдени танымын кеңейтіп, өзге елдердің мұрасы мен дәстүрлеріне деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.

