Заң факультетінің студенттері ҚазҰУ музейінде
27 қазан 2026
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Заң факультетінің студенттері университет музейіне танымдық экскурсия жасады.
Экскурсия барысында студенттер университеттің құрылу тарихымен, қалыптасу кезеңдерімен, көрнекті ғалымдары мен түлектерінің жетістіктерімен, сондай-ақ музей экспозицияларында ұсынылған тарихи жәдігерлермен танысты.
Мұндай танымдық кездесулер жастардың тарихи санасын қалыптастырып, университеттің бай мұрасын тереңірек танып-білуге мүмкіндік береді.

