Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «8D04203 – Құқықтану» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Жақыш Ақерке Жеңісқызының «Әйелдер мен балаларға қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу ерекшеліктері: теория мен практика мәселелері» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.
Диссертациялық жұмыс әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасында орындалды.
Қорғау нысаны – диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі – қазақ тілі.
Ресми рецензенттер:
- Алдабергенова Нонна Алдабергеновна – заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, «Тұран» университеті Құқық жоғары мектебінің профессор-зерттеушісі (Алматы қ., Қазақстан Республикасы);
- Алибаева Гульнар Айтчановна – заң ғылымдарының докторы, «Нархоз университеті» КеАҚ Құқық және мемлекеттік басқару мектебінің профессоры (Алматы қ., Қазақстан Республикасы).
Ғылыми кеңесшілер:
- Жанибеков Акынкожа Каленович – философия докторы (PhD), профессор, Академик Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің жастар саясаты және әлеуметтік даму жөніндегі проректоры (Шымкент қ., Қазақстан Республикасы);
- Кевин Майкл Бивер – философия докторы (PhD), Флорида мемлекеттік университеті Криминология және қылмыстық сот төрелігі колледжінің Джудит Рич Харрис (Judith Rich Harris) атындағы криминология профессоры (Таллахасси қ., АҚШ).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
- Акимжанов Талгат Курманович – заң ғылымдарының докторы, «Тұран» университеті Құқық ғылыми-зерттеу институтының директоры, Құқық жоғары мектебінің профессоры (Алматы қ., Қазақстан Республикасы);
- Дүйсенбаева Гүлзипа Жұмабайқызы – философия докторы (PhD), Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаты (Алматы қ., Қазақстан Республикасы);
- Ходжаев Бахшилло Камолович – заң ғылымдарының докторы (LLD), профессор, Ташкент мемлекеттік заң университетінің ректоры (Ташкент қ., Өзбекстан Республикасы).
Қорғау 2026 жылғы 3 желтоқсанда сағат 12:00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы «6D030100, 8D04203 – Құқықтану; 6D030200, 8D04201 – Халықаралық құқық» мамандықтар тобы/білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесте аралас (онлайн және офлайн) форматта келесі мекенжай бойынша өтеді: 050040, Алматы қ., әл-Фараби даңғылы, 71, Заң факультеті, № 300 аудитория.
Zoom конференциясына қосылу:
https://zoom.us/j/98889599149?pwd=CFiaQO5r2pnci3DEm37z0HG5o7SuB0.1
Конференция идентификаторы: 988 8959 9149
Басқа жаңалықтар