Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудегі тілдік білім беру» атты Дәрісхана (Лекторий) өтеді — ҚазҰУ

Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудегі тілдік білім беру» атты Дәрісхана (Лекторий) өтеді

4 қараша 2026
Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудегі тілдік білім беру» атты Дәрісхана (Лекторий) өтеді

 

Барлық оқытушыларды, зерттеушілерді, докторанттар мен магистранттарды халықаралық дәрісханаға белсене қатысуға шақырамыз!

 

 

Алматы, 2026 жылғы 4 қараша – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология факультеті Түркітану және тіл теориясы кафедрасы мен Патрис Лумумба атындағы Ресей халықтар достығы университетінің (РХДУ) Шетел тілдері институты бірлесіп, «Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудегі тілдік білім беру» атты халықаралық дәрісхана ұйымдастырады.

   Іс-шара білім беру сапасын арттыру және тұрақты даму жолындағы халықаралық ғылыми-академиялық әріптестікті нығайту мәселелеріне арналған.

Модераторлар мен баяндама тақырыптары:

-         Мадиева Гүлмира Баянжанқызы — филология ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Түркітану және тіл теориясы кафедрасының профессоры.

Баяндама: «Гуманитарлық ғылымдағы әріптестік: тұрақты болашақ үшін лингвистика, түркітану және шетел тілдері (ТДМ 4 „Сапалы білім беру“, ТДМ 17 „Тұрақты даму жолындағы әріптестік“)»

-         Петрова Марина Георгиевна — педагогика ғылымдарының кандидаты, Патрис Лумумба атындағы РХДУ Шетел тілдері институтының Теория және практика кафедрасының доценті.

Баяндама: «Виртуалды оқыту: тілдік ортаға терең бойлау үшін симуляторларды, Edutainment және ЦОП-ты қалай пайдалану керек»

    Ұйымдастырушылар: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Түркітану және тіл теориясы кафедрасы: ф.ғ.д., профессор Г.Б. Мадиева, PhD д. Н.М. Исмаилова, PhD д. Р.Ж. Қондыбаева. Патрис Лумумба атындағы РХДУ Шетел тілдері институты: ШТИ директорының халықаралық қызмет жөніндегі орынбасары Н.Я. Безрукова.

Өткізілу күні мен уақыты:

2026 жылғы 04 қараша, сағат 15:00 (Алматы уақытымен).

Қосылу мәліметтері (ZOOM):

Конференция идентификаторы: 731 3865 3277

Құпиясөз: 0r9AUk