Орыс тілі сабағында «Екі шет тілі» мамандығының 1-курс студенттері «Қазақстандағы сапалы білім» тақырыбында танымдық іс-шара өткіз — ҚазҰУ

Орыс тілі сабағында «Екі шет тілі» мамандығының 1-курс студенттері «Қазақстандағы сапалы білім» тақырыбында танымдық іс-шара өткіз

9 қараша 2026
Орыс тілі сабағында «Екі шет тілі» мамандығының 1-курс студенттері «Қазақстандағы сапалы білім» тақырыбында танымдық іс-шара өткіз

Іс-шараның мақсаты – Қазақстан мен шет мемлекеттердің білім беру жүйелерінің ерекшеліктерін зерттеу, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау, сондай-ақ сапалы білімнің жеке тұлға мен қоғамның дамуындағы рөлін айқындау.

Студенттер білім беру модельдеріне арналған презентациялар, тақырыптық плакаттар мен көрнекі материалдар ұсынды. Олар оқу үдерісінің ұйымдастырылуы, білім алудың қолжетімділігі, заманауи технологияларды қолдану және шет тілдерін үйренудің маңыздылығы туралы ой бөлісті.

Іс-шараның ерекше маңыздылығы – топтың көпұлтты құрамында болды. Топта Қытай, Моңғолия, Түркия, Түрікменстан және Өзбекстан елдерінен келген студенттер білім алады.

Осылайша, бірінші курс студенттері өз елдерінің білім беру жүйелері мен мәдени ерекшеліктері туралы білімдерімен бөлісіп, оларды Қазақстанның білім беру жүйесімен салыстыруға мүмкіндік алды.