Әл-Фараби мұрасына арналған халықаралық симпозиум өтті — ҚазҰУ

Әл-Фараби мұрасына арналған халықаралық симпозиум өтті

6 қараша 2026
Әл-Фараби мұрасына арналған халықаралық симпозиум өтті

2026 жылғы 6 қарашада әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Философия. Ізгілік. Болашақ» атты халықаралық симпозиум өтті.

Әбу Насыр әл-Фарабидің философиялық және ғылыми мұрасына арналған іс-шараға Қазақстан мен шетелден 150-ден астам ғалым, зерттеуші және халықаралық ұйым өкілдері қатысты. Симпозиум барысында ұлы ойшылдың ғылыми мұрасы, қазіргі қоғамдағы адамгершілік құндылықтар, мәдениетаралық диалог және философиялық идеялардың өзектілігі талқыланды.

Симпозиумның маңызды нәтижелерінің бірі – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Дінтану және мәдениеттану кафедрасына ICESCO ұйымы өкілдігінің мәртебесі берілуі. Халықаралық ғылыми жиын әл-Фараби мұрасын әлемдік деңгейде насихаттауға және халықаралық академиялық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етті.