ҚазҰУ мен Қытайдың Солтүстік-Батыс саяси ғылымдар және құқық университеті арасындағы академиялық ынтымақтастық жалғасуда — ҚазҰУ

ҚазҰУ мен Қытайдың Солтүстік-Батыс саяси ғылымдар және құқық университеті арасындағы академиялық ынтымақтастық жалғасуда

13 қараша 2026
ҚазҰУ мен Қытайдың Солтүстік-Батыс саяси ғылымдар және құқық университеті арасындағы академиялық ынтымақтастық жалғасуда
 
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Қытай Халық Республикасының Сиань қаласындағы Солтүстік-Батыс саяси ғылымдар және құқық университеті арасындағы академиялық ынтымақтастық туралы меморандум негізінде екі жоғары оқу орны арасындағы ғылыми-білім беру байланыстары жүйелі түрде дамып келеді.
Аталған меморандум 2025 жылғы 11 наурызда жасалып, академиялық ынтымақтастықты нығайтуға, бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізуге және құқықтық зерттеулер саласында тәжірибе алмасуға бағытталған. Меморандум аясында Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының жанынан «Қытай – Орталық Азия құқығын анықтау және зерттеу орталығы – Қытай-Қазақстан құқықтық зерттеу орталығы» ашылған болатын.
Осы ынтымақтастық шеңберінде Солтүстік-Батыс саяси ғылымдар және құқық университетінің оқытушылары Zhang Guangyao мен Li Sisi Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ғылыми тағылымдамадан өтіп жатыр.
Тағылымдама аясында шетелдік әріптестер Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының меңгерушісі Гүлдана Амангелдіқызы Куаналиевамен және профессорлық-оқытушылық құрамымен кездесіп тағылымдама туралы есеп берді, алдағы жоспраларды пысықтады. Кездесу барысында екі университет арасындағы ғылыми және академиялық байланыстарды одан әрі дамыту, құқықтық зерттеулер саласындағы тәжірибе алмасу, бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыру және халықаралық ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды.