- Басты бет
- Жаңалықтар
- Университетаралық ынтымақтастық: «Turan Consulting» заң клиникасының салтанатты ашылуы өтті
Университетаралық ынтымақтастық: «Turan Consulting» заң клиникасының салтанатты ашылуы өтті
13 қараша 2026
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті атынан шақырылған қонақ ретінде Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының аға оқытушысы Данияр Саттарұлы Абдрахманов «Тұран» университеті Құқық жоғары мектебінде 26 қазанда өткен Turan Consulting заң клиникасының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.
Рәсімде Данияр Абдрахманов «Тұран» университетінің ректоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор Рахман Алшанұлы Алшановпен бірге лентаны қиды.
Ашылудан кейін заң клиникалары арасында тәжірибе алмасу өтті. Данияр Абдрахманов студенттермен кездесіп, ҚазҰУ жанындағы Заң клиникасының жұмыс тәртібі мен жинақталған тәжірибесін таныстырды. Студенттер үлкен қызығушылық танытып, көптеген сұрақ қойды және біздің клиникамен бірлесіп жұмыс істеуге ниет білдірді.
Басқа жаңалықтар
13 қараша 2026
13 қараша 2026