Көмек сұрау — батылдық: студенттер арасында өзара қолдау мәдениетін қалыптастыру — ҚазҰУ

Көмек сұрау — батылдық: студенттер арасында өзара қолдау мәдениетін қалыптастыру

13 қараша 2026
Көмек сұрау — батылдық: студенттер арасында өзара қолдау мәдениетін қалыптастыру

2026 жылғы 11 қарашада Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің География және табиғатты пайдалану факультетінің Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасында «Көмек сұрау - батылдық» тақырыбында тәрбиелік іс-шара өтті.

Іс-шараны кафедраның ассистент-профессоры Исанбекова Алмагуль Турсынбаевна ұйымдастырып, жүргізді. Кездесуге 6В11201 – «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» білім беру бағдарламасының 2-курс студенттері мен кафедра оқытушылары қатысты.

Іс-шараның мақсаты - студенттер арасында өзара көмек, сенім және қолдау мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ өмірлік қиын жағдайларда көмек сұрай білу дағдыларын дамыту. Кездесу барысында көмек сұрау әлсіздік емес, керісінше, адамның өз жағдайын түсініп, өз өмірі мен әл-ауқатына жауапкершілікпен қарауының белгісі екені атап өтілді.

Іс-шара аясында студенттер түрлі өмірлік жағдаяттарды талқылап, психологиялық қолдау мен өзара түсіністіктің маңызы туралы пікір алмасты. Сонымен қатар тақырыпқа қатысты практикалық тапсырмалар орындап, өз ойларын ортаға салды.

Аталған іс-шара БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының 3-мақсаты - «Жақсы денсаулық пен әл-ауқатпен» үндеседі. Атап айтқанда, психикалық денсаулықты нығайтуға және эмоционалдық әл-ауқатты жақсартуға бағытталған 3.4-міндетінің мазмұнына сәйкес келеді.

Кездесу қорытындысында көмек сұрау адамның әлсіздігін емес, керісінше, батылдығы мен жауапкершілігін танытатын маңызды қадам екені тұжырымдалды. Іс-шара студенттердің коммуникативтік дағдыларын дамытуға, эмоционалдық тұрақтылығын нығайтуға және университет ортасында өзара қолдау мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.