- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Қор биржасының жұмыс істеу тетіктері»: студенттерге KASE Академиясының директоры қонақ дәріс оқыды
«Қор биржасының жұмыс істеу тетіктері»: студенттерге KASE Академиясының директоры қонақ дәріс оқыды
2026 жылғы 13 қарашада Экономика және бизнес жоғары мектебініңұйымдастыруымен студенттердің қаржы нарығы саласындағы білімінтереңдету, қор биржасының қызмет ету ерекшеліктерімен таныстыру жәнетеориялық білімдерін практикалық тәжірибемен ұштастыру мақсатындамазмұнды қонақ дәріс ұйымдастырылды.
Дәрістің арнайы қонағы – KASE Академиясының директоры Абылай Айтенұлы Сыздықов. Кездесу барысында спикер студенттерге «Қор биржасыныңжұмыс істеу тетіктері» тақырыбында дәріс оқып, қаржы нарығыныңқұрылымы мен қор биржасының қызмет ету ерекшеліктері жөнінде жан-жақты ақпарат берді.

Атап айтқанда, дәріс барысында қор нарығының жұмыс істеуқағидаттары, қор биржасының негізгі функциялары, несие тетіктері, қаржықұралдарының ерекшеліктері және қаржы нарығындағы өзекті үдерістеркеңінен қамтылды. Сонымен қатар спикер саладағы тәжірибесімен бөлісіп, қаржы нарығының қазіргі даму бағыттары мен оның экономикадағымаңызына тоқталды.
Кездесу мазмұнды пікір алмасу форматында өтіп, студенттердің ерекшеқызығушылығын тудырды. Болашақ мамандар өздерін толғандырғансұрақтарын қойып, тақырып аясында белсенді пікір алмасты. Спикер тарапынан қойылған сауалдарға нақты жауаптар беріліп, студенттер үшінкәсіби орта өкілінен тікелей тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасалды.
Іс-шараның қорытынды бөлімінде дәріске белсенді қатысып, ерекшеқызығушылық танытқан студенттерге арнайы сыйлықтар табысталды.
Мұндай кездесулер студенттердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, қаржы саласындағы заманауи үрдістерді тереңірек түсінуге және болашақеңбек қызметіне қажетті практикалық білім мен дағдыларды қалыптастыруғазор мүмкіндік береді. Сонымен қатар жоғары оқу орны мен қаржы секторы өкілдері арасындағы өзара байланысты нығайтып, білім мен тәжірибенісабақтастыруға жол ашады.
Экономика және бизнес жоғары мектебі Абылай Сыздықовқа мазмұндыдәрісі, құнды тәжірибесімен бөлісіп, студенттерге кәсіби бағыт-бағдарбергені үшін шынайы алғысын білдіреді!