- Басты бет
- Хабарландыру
- «ҮМІТ АҒАШЫ: ТЕҢДІК ПЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ» - ИНСТАЛЛЯЦИЯ ЖӘНЕ ТАҚЫРЫПТЫҚ ФОТОКӨРМЕ
«ҮМІТ АҒАШЫ: ТЕҢДІК ПЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ» - ИНСТАЛЛЯЦИЯ ЖӘНЕ ТАҚЫРЫПТЫҚ ФОТОКӨРМЕ
Құрметті әріптестер, студенттер, магистранттар мен докторанттар!
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті философия және саясаттану факультетінің әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасы сіздерді ағаш түріндегі инсталляция мен тақырыптық фотокөрменітамашалауға шақырады.
Іс-шара БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) ілгерілету аясында, атап айтқанда, ТДМ 5 «Гендерлік теңдік», ТДМ 10 «Теңсіздікті азайту» және ТДМ 16 «Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар»мақсаттарымен байланысты ұйымдастырылады.
Инсталляция мен фотокөрме адам қадір-қасиетін құрметтеу, теңдік, өзара қолдау және зорлық-зомбылық пен кемсітушіліктен азат қоғам қалыптастырудың маңыздылығы туралы қоғамдық хабардарлықты арттыруға бағытталған.
Ағаш түріндегі символикалық инсталляция өмір, өсу, үміт және әлеуметтік ынтымақтастық идеяларын бейнелейді. Тақырыптық фотокөрме қатысушыларға әлеуметтік қолдаудың, қауіпсіздіктің және әрбір адам үшін тең мүмкіндіктердің маңыздылығын түсінуге мүмкіндік береді.
Іс-шара туралы ақпарат:
Күні: 2026 жылғы 4 желтоқсан
Уақыты: 11:00
Өтетін орны: «Жан-Сая» дағдарыс орталығы
Форматы: инсталляция және тақырыптық фотокөрме
Ұйымдастырушылар:
Абдирайымова Г. С. - әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор;
Кенжакимова Г. А. - әлеуметтану ғылымдарының кандидаты, ассистент-профессор;
Шабденова А. Б. - PhD, доцент, қауымдастырылған профессор;
Саймасаева А. А. - PhD, әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының аға оқытушысы.
Сіздерді теңдік, зорлық-зомбылықсыз өмір және әлеуметтік ынтымақтастық идеяларын қолдауға, сондай-ақ тұрақты даму қағидаттарын насихаттауға арналған іс-шарамызға қатысуға шақырамыз!
Басқа хабарландырулар
13 қараша 2026 – 13 қараша 2026
10 қараша 2026 – 10 қараша 2026